Менингококктар қоздырып, ауа – тамшылы жолмен жұғатын, мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен, ерекше септицемиямен сипатталатын, клиникалық көріністері кең дипазонды – бактерия тасымалдаушылықтан назофарингитке, менингококкемияға, менингитке дейін көрінетін антропанозды жедел жұқпалы ауру. Тарихи мәліметтері: Ми менингитінің алғашқы клиникалық көрінісі XVII ғасырда жазылған болатын. Эпидемиялық ми менингитін дербес ауру тәрізді 1887 жылы…

Балалардағы психо сөйлеудің дамудың кешеуілдеуі 5 жастағы балаларда жиі анықталады, өйткені бұл жастағы балалар айналамен жан жақты, белсенді араласа бастайды. Содан бастап ата-аналары байқайды. Бірақ 5 жас балалардағы психо сөйлеудің дамудың кешеуілдеуін (ЗПРР) емдеуге кеш. Егер бала 6 жасқа дейін сөйлемесе емнің нәтижесі 0,2% құрайды, ал 7 жасқа дейін сөйлемесе ары қарай сөйлемейді. Әрине, емнің…

Құрсақішілік инфекция перинаталды кезеңде аурушаңдық пен өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл жағдай  тұрғындардың денсаулығының нашарлауы, жұқпалы аурулардың көбеюі, жүктілік алды дайындықтың болмауымен байланысты. Соңғы жылдары жаңа туған нəрестелер өлімінің себептерінің бірі  ұрықтың құрсақішілік инфицирленуі 1-2 орын алып, өлім 45 % дейін жетуде. Құрсақішілік инфицирлену салдарынан болған дөрекі органикалық патология жəне эпилепсияның резистентті түрлері…

Миозит (грек. myos – бұлшық ет) – қаңқа бұлшық еттерінің қабынуы. Миозит жеделжәне созылмалы түрлерге ажыратылады. Жедел Миозит жедел пайда болатын жұқпалы аурулардың (тұмау, ревматизм, т.б.), жарақаттың (бұлшық ет жарақаты), бұлшық еттергеқалыптан тыс күш түскенде немесе инфекция түскен тіндерден бұлшық етке қарай жайылуының (мысалы, сүйектен) салдарынан туады. Миозиттің бұл түрі тез арада дамиды. Негізгі белгілері: бұлшық еттегі жергілікті ауырсыну, оның кернеліп қатаюы; ауырсыну бұлшық етті саусақтармен басқанда және қозғалыс кезінде айқын байқалады. Созылмалы Миозит біртіндеп дамиды. Ол, көбінесе, созылмалы жұқпалы аурулардың (туберкулез, мерез, т.б.) салдарынан немесе кәсібіне байланысты ауру адамның…

Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда болу себептеріне  қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді. Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің…

Өт қабындағы тастар – өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан. Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар…

Анықтамасы ¢ Қандай да бір патологиялық процесс нәтижесінде бірнеше нервтің қозғалтқыш,сезімтал және вегетативті талшықтарының зақымдалуы Полинейропатиялық синдромның клиникасы ¢ Ауру сезімі ¢ Парестезиялар ¢ Бұлшықет әлсіздігі ¢ Гипотрофия,гипотония ¢ Рефлекстердің төмендеуі ¢ Сезімталдықтың «қолғап» немесе  «шұлық » типінде бұзылуы Басым клиникалық белгілері бойынша жіктелуі ¢ Қозғалтқыш (моторлы) ¢ Сезімтал (сенсорлы) ¢ Вегетативті ¢ Аралас Зақымданған жеріне байланысты жіктелуі ¢ Дисталды (барлық аяқ тартылған) ¢ Барлық аяқ-қол бөлімдері тартылған ¢ Проксимальды зақымдалуы басым болуымен…

Деформациялаушы остеоартроз (ДОА) – буындардың созылмалы дегенеративті-дистрофиялық ауруы, яғни буын бетінің өзгеруіне әкелетін, буын шеміршегінің алғашқы дегенерацияға ұшырауы әсерінен буынның мүжіліп, деформацияға ұшырауы және қызметінің бұзылуы. ДОА біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік ДОА дені сау буынға күш түсу әсерінен болса, екіншілік ДОА бұрын өзгеріске ұшыраған буын шеміршегінде пайда болады, мысалы жарақаттан кейін. Себептері: 1) сау…

Фарингит (грек. pharynx — жұтқыншақ) — жұтқыншақтың кілегей қабығының қабынуы. Фарингит жедел респираторлы аурулардың, тұмаудың, т.б. жұқпалы аурулардың әсерінен болады. Кейде жұтқыншаққа әр түрлі факторлардың әсер етуінен де (мысалы, ауыз арқылы суық ауамен демалғанда немесе қатты суықта сөйлескенде, сондай-ақ өте ыстық не өте суық тағам жегенде) дамиды. Фарингиттің екі түрі бар. Жедел Фарингит көбінесе жұқпалы…

Экссудативті-катаральды диатез дегеніміз – бұл тері мен шырышты қабаттардың жоғары тіріткендіргіштігімен және рецидивті инфильтративті-дескваматозды жарақаттануға бейімділігімен, сыртқы ортаға бейімділіктің өзгеруімен, инфекциялық ауруларға қарсы тұру күшінің төмендеуімен және патологиялық процестердің жеңіл дамуымен, созылыңқы өтуімен, лимфоидты гиперплазиямен, су-тұз алмасуының тұрақсыздығымен сипатталатын организмнің ерекше функциональдық жағдайы. Этиологиясы. Ерте жастағы балаларда белоктарды толық ыдыратуға қажетті ас қорыту ферменттерінің белсенділігінің…

Page 1 of 21 2

© 2017 - Maqsat МеД