Енді тұрмысы төмен жанұялардың да жағдайын жақсартуды үкіметтік емес ұйымдар қолға алмақ

НравитсяНе нравится
Алматыда ҮЕҰ көрсететін қызмет түрлері көбея түспек
Алматыдағы үкіметтік емес ұйымдардың көрсететін қызмет түрлері ұлғаяды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша тек мүгедектерге, сал ауруына шалдыққан балаларға және зейнеткерлерге көмек көрсетіп келген. Енді бұл тізімге соғыс ардагерлері, жалғызбасты аналар мен әкелер, сондай-ақ көпбалалы отбасылар енгізілмек. Әрі тұрмысы төмен жанұялардың да жағдайын жақсартуды үкіметтік емес ұйымдар қолға алмақ. Бұл үшін мемлекеттік тапсырыспен қосымша гранттар беріледі. Бүгінде Алматы қаласында 1 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым қызмет көрсетеді. Солардың 16-сы былтыр мемлекеттік тапсырыспен 500-ден астам тұрғынға тегін көмек берген.

«Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне сұраныс жылдан жылға артып отыр. Осыған орай біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты арттырып, ұйымдарды бізбен жұмыс істеуге шақырамыз. Нақты қандай қызмет көрсететінін ұсынылған жобаларға қарай, кеңесе отырып шешеміз. Ұлын Отан және Ауған соғысы ардагерлерінің, сондай-ақ аналардың мәселесіне ден қоямыз», – деді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат ЖЕТіБАЕВА.

«Біздің енді қоғамдық бірлестік әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсеті. Былтыр біз 28 балаға қызмет көрсеткенбіз. Бір жылдың ішінде осының 4 баласы жүрді, 4 бала сөйледі, 1 бала қалыпты мектепке барды, 3 бала арнайы мектепке барды. Осы нәтижеміз негізінде бізге осы жылы 35 баланы емдеу жұмысына мемлекеттік тендер алып отырмыз», – дейді Қазақ медициналық қоғамдық ұйымының төрағасы Мақсат ӘБДІҚАДЫР.

© 2017 - Maqsat МеД