Итошаған (череда)- (Bіdens) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Мұның шөбінде каротин, аскорбин қышқылы, эфир майы, илік заттары бар. Шырының әр түрлі ауруларға – экземаға , дизентерияға, буын ауырғанда, қан азайғанда , диатезді емдеуге қолданады.

© 2017 - Maqsat МеД