Менингококктар қоздырып, ауа – тамшылы жолмен жұғатын, мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен, ерекше септицемиямен сипатталатын, клиникалық көріністері кең дипазонды – бактерия тасымалдаушылықтан назофарингитке, менингококкемияға, менингитке дейін көрінетін антропанозды жедел жұқпалы ауру.
Тарихи мәліметтері:
Ми менингитінің алғашқы клиникалық көрінісі XVII ғасырда жазылған болатын. Эпидемиялық ми менингитін дербес ауру тәрізді 1887 жылы анықтап, Weichselbaum қоздырғышты сипаттап жазған. 1899 жылы В. Ослер ауру қоздырғышын қанда да тапты.
1962 жылдан бастап кейбір елдерде, соның ішінде ССРО-да аурудың едәуір өрістеуі тіркелген.Содан кейін (1975-1979ж.) бұл аурудың кейбір төмендеуі байқалған, көбінесе бұрынғы одақтық республикаларда (Украина, Белоруссия, Ресей, Молдавия, Прибалтика). 1965 жылы Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясының 8- ші қайта қарауында аурудың Халықаралық жіктелуіне “менингококкты инфекция ” атты жаңа ауру атауы енгізілді.
Менингоккты инфекция әлемнің барлық елдерінде , климаттық зоналарда таралған.Бұл ауру Орталық және Батыс Африка елдерінде аса жоғарғы деңгейде байқалған.
Этиологиясы:
Менингококкты инфекцияның қоздырғыштары Neisseria meninqitidis ,Neisseria тегіне, Neisseriacea тұқымдастығына қатысты. Ол – грамм теріс диплококк, қозғалыссыз. Адам мен жануарлардың белогы бар қоректік орталарда көбейеді. Агглютинация реакцияларында А, В, С, серотиптері ажыратылған, қосымша серотоптары (X, Y , Z және т.б.) жазылған.Қоздырғыш жойылғанда эндотоксин бөлінеді. Ол сыртқы ортаның әртүрлі факторларына, антибиотиктерге өте сезімтал.
Менингококтар қайнатқанда, дезинфекциялаушы ертінділер әсерінен бірнеше минутта жойылады.
Эпидемиологиясы:
Менингококты инфекция – антропанозды ауру. Инфекция көзі – менингококты инфекцияның әртүрлі түрлерімен ауырған науқас адам немесе бактериятасымалдаушы.
Инфекция қоздырғышын жұқтыратын 3 топты ажыратады.
1) жайылмалы түрлерімен ауырған науқастар;
2) менингококты назофарингитпен ауырған науқастар;
3) бактерия тасымалдаушылар;
Сыртқы ортаға ең қауіптісі – үшінші топтағы адамдар, себебі клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылық кең тараған.
Берілу жолы – ауа – тамшы арқылы. Менингококты инфекциямен көбінесе балалар ауырады. Бұл аурудың 50- 90 % – ы 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Эпидемиялық аралық кезеңде спорадикалық түрде жасөспірімдер мен ересектер ауырады. Маусымдылығы – қараша – желтоқсаннан бастап наурыз – сәуір айларына дейінгі мерзім. Ауылды жерлерге қарағанда бұл ауру қалада көптеп тіркеледі. Әскери бөлімшелерде, оқу орындарында, жатақханаларда,интернаттар мен қарттар үйлері сияқты жерлерде ауру тез өршиді.
Оның себептері – жабық үйдегі адамдардың тығыз байланысы, жоғарғы температура мен дымқыл ауа, көмір қышқыл газы және күкіртті сутегінің жоғарғы концентрациясы, психикалық және физикалық салмақ түсу, суық тигізу т.б. Ауру нәтижесінде тұрақты иммунитет қалыптасады. Қабылдамаушылық бактерия тасымалдаушылықтан кейін де дамиды. Түзілген иммунитет- типтік арнамалы.
Инфекцияның кіру қақпасы – мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабықтары. 10 -15 % жағдайларда менингококктың мұрын мен шырышты қабықтарына түсуі қабынуға алып келген ( назофарингит, катаралдық тонзилит). Шырышты қабықтардың жергілікті қорғаныс барьерінен өткен жағдайда қоздырғыш қанға түседі. Бактеремия транзиторлы немесе ұзақ болуы мүмкін. Қанның бактрицидтік әсерінен менингококтар көптеп жойылады да, эндотоксиндер шығып, эндотоксинемия дамиды. Кейде ішкі ағзалар, қан тамырларының қабырғалары, ми қабықшалары зақымдалып, септикопиемия түрінде өтеді.
Организмде қоздырғыштың негізгі таралу жолы- гематогенді, сирек- торлы сүйек арқылы.Менингококтардың субарахноидальды кеңістікке өтуі мен қоздырғыштардың көбеюі нәтижесінде жұмсақ ми қабықшаларында алғашында серозды – іріңді, сосын іріңді қабыну дамиды.
Қабыну процесі көбінесе үлкен жарты шар беткейінде және бас миы негізінде орналасады, кейде жұлынға да таралады. Патологиялық процесс ми қарыншаларының эпендимасына да таралса, іріңді эпнедиматит дамиды.
Ауыр жағдайларда қабыну процесі ми затын қамтиды, ұсақ қан құйылулар, қабыну фокустары, жұп нервтердің қабынулары байқалады. Менингококты инфекцияның аса ауыр түрлерінің патогенезінде токсикалық және аллергиялық компоненттер маңызды болып саналады. Мұндай жағдайларда инфекционды – токсикалық шок дамиды. Науқастарда гемостаздың бұзылыстары, ағзалар мен тіндерде гемодинамикалық және микроциркуляциялық өзгерістер, электролиттік және гормональдық гомеостазда айқын қозғалыстар болады.
Бұл аурудың ауыр, өлімге ұшырататын асқынуы – церебральды гипертензияның негізгі себебі – айқын токсикоз.
Кейде, әсіресе нәрестелерде айқын токсикоз бен су – тұз алмасуының ауыр бұзылыстары қосарласып әсер еткенде церебральды гипотензия дамуы мүмкін.
Инкубациялық кезеңі 1-10 күнге (жиі 5-7 күнге) созылады. Клиникалық жіктелуі:
1. Біріншілік – ошақты түрлері:
а) менингококк тасымалдаушы;
б) жедел назофарингит;
в) пневмония;
2. Гематогенді – жайылмалы түрлері:
а) менингококкемия – типті, “жәй оғындай”, созылмалы;
б) менингит;
в) менингоэнцефалит;
г) аралас ( менингококкемия+менингит);
д) сирек түрлері: эндокардит,артрит,иридоциклит.
Іріңді менингиттің басталу кезеңі болуы мүмкін немесе менингококкты инфекцияның дербес клиникалық білінуі болуы ықтимал. Ол дене қызуының орташа көтерілуімен (38°С дейін) және 1-3 күндей сақталуымен, ағзаның әлсіз улануымен ( шаршағыштық, бас ауыруы, бас айналу) және назофарингитпен сипатталған.
Менингит:
Жедел басталады.Науқастардың жартысында ғана (45%) 1-5 күндей назофарингит түрінде басталып, менингитке ұласуы мүмкін. Ауру ағзаның улануымен, көз алмаларының ауыруымен, әсіресе қозғалғанда, содан кейін маңдай – самай тұстарындағы, сирек – желке тұсындағы бастың ауруымен ерекшеленген. Бас ауруы азапты түрде тез үдейді. Науқастың тәбеті жойылып, жүрек айнуы білінеді. Ал ауыр түрлерінде ақыл – ес бұзылады (сомноленция, сопор, кома). Ауру басталғаннан кейінгі 12-14 сағаттан соң ми қабықтарының қозуының обьективті симптомдары пайда болады ( желке еттерінің сіреспелігі, Керниг, Брудзинский, Гийон, Бехтерев, Мейтус симптомдары). Қанда – жоғары нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
Менингококкты менингоэнцефалит:
Ауыр ағыммен сипатталған. Ми сипмтоматикасы тез күшейеді. Бірінші тәуліктің соңы мен 2-ші тәуліктің басында терең сопор түріндегі ақыл – естің бұзылуы дамиды. Онымен қатар менингеальды белгілер де үдейді. Аурудың басталуынан 1 тәуліктен соң көпшілік науқастарда менингеалды қалып байқалған ( науқас бір бүйіріне қарай аяқтарын бүгіп, басын шалқайтып жатады). Науқастарда тез арада психикалық бұзылулар, толық немесе жарым – жартылай амнезия, көру және есту галлюцинациялары, эйфория немесе депрессиялық жағдай дамиды.
Менингитсіз менингококкемия:
Сирек тіркелген. Аурудың жеңіл ағымында дене қызуы – 38-39° С жоғарылайды . 1-ші сағаттарында –ақ аяқ – қолдың терісіне, кеудеге мардымсыз жұлдызша түріндегі қанталаған бөртпе шығады (диаметрі 2-3 мм). Аурудың орташа түрінде дене қызуы – 40°С тез арада көтеріледі. Геморрагиялық көп бөртпелер сирақ, жамбас, шап және қолтық асты терлеріне, ішке және кеудеге шығады. Бөртпелердің көлемі 3-7 мм-ге дейін өсуі мүмкін. Ал ауыр түрінде бұл бөртпелердің көлемі 5-15 см дейін үлкейеді.
Көз шеліне, көздің дәнекер қабығына, мұрын жұтқыншағының шырышты қабықтарына қан құйылулар байқалған. Сондай –ақ мұрыннан, асқазаннан, жатырдан қан кетуі мүмкін. Ересектердің ауыр және өте ауыр менингококкемиясы менингитпен сәйкес келеді. Науқастарда эндокардит, миокардит,перикардит, типтері бойынша жүректің зақымдануы, ірі қан тамырларында қанның ұйысуы, токсикалық – инфекциялық шок сияқты асқынулар байқалады.
Асқынулары:
Жас адамдарда ең қауіпті және жиі кездесетін аурудың асқыну түрлері – жедел ісік және де ми ісігі, токсикалық – инфекциялық шок. Жедел ісік пен ми ісігі аурудың 1- ші тәулігінің соңы мен 2- ші тәуліктің басында жиі пайда болады. Демікпе тез күшейеді ( 1 мин.50-60 дейін тыныс алумен), науқастың демі сырылдап шығады. Өкпе ісігі дамып, гемипарездер п.б.
Менингококкемияның ауыр ағымында
токсикалық инфекциялық шок білінеді. Науқастарда жоғарғы қызбамен қатар, дене қызуы қалыпты деңгейге түседі. Сырқаттың терісі бозарып, тамырдың соғуы жиілейді. Қан қысымы төмендеп, цианоз,демікпе ұлғаяды.Дәреттің бөлінуі тоқтайды. Қарқынды емдеу шараларынсыз, шоктың алғашқы белгілерінің пайда болу сәтінен бастап, 6-60 сағ кейін өлім қатері тууы мүмкін.

© 2017 - Maqsat МеД