Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 2018 жылғы 15 қаңтар айында Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшам ауданы, Қ. Шарипов көшесі, 70-ші үйде «Қазақ Медициналық Қоғамы» қоғамдық бірлестігі психоневрологиялық ауытқулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндіз болу орталығы ашылған болатын.
3.04.2018ж осы орталығымызға Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының медициналық-әлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімінің басшысы Рысқұлова Нұржамал Орынбекқызы бастап Алматы қаласының маслихат депутаттары Бадаева Роза Кенесхановна және Набиев Амиржан Амиржанович келіп, оңалту орталығының жұмыс барысын көріп, оң бағасын берді. «Қазақ Медициналық Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мақсат Әбдіқадырұлы орталықтың негізгі мақсатымен және жылдық жоспарымен таныстырды.
Орталықта әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету бойынша емдік дене шынықтыру, физиотерапия, кесте бойынша емдік-дене жаттығулары, массаж жасалынады. Сонымен қатар электрофорез, инемен емдеу, ми аппараты да бар. Бүгінгі таңда 23 қызмет алушы арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін алуда, оның ішінде 6 қыз, 17 ұл, оның ішінде 17 бала – балалардың церебральды сал ауруымен, 3 бала – Даун синдромымен, 3 бала –аутизм диагноздары бойынша ем алуда.

© 2017 - Maqsat МеД