• «Maksat МеД» клиникасында Алматы қаласының тұрғындары, уақытша тіркеуге отырған азаматтар, студенттер, сонымен қатар Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматттары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сағат 08.00 –ден 20.00-ге дейін амбулаторлық-емханалық көмек ала алады.

• Клиника заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, диагностика және емдеу ең алдыңғы қатарлы, қауіпсіз медициналық технологияларды қолданумен жүргізіледі, білікті дәрігерлер науқастарға сапалы қызмет көрсетеді және нәтижелі ем-шаралар жүргізеді. Клиникада мына мамандар қабылдау жүргізеді:
• Терапевт;
• Жалпы тәжірибелік дәрігер;
• Педиатр;
• Гинеколог;
• Хирург (ересектер және балалар);
• Невропатолог (ересектер және балалар);
• Кардиолог (ересектер);
• Офтальмолог (ересектер);
• Логопед (балалар);
• Эндокринолог (ересектер);
• Дерматовенеролог (ересектер);
• Оториноларинголог (ересектер және балалар)

• Сонымен қатар күндізгі стационар, массаж, физиотерапия кабинеттері қызмет етеді.

• «Maksat МеД» клиникасы жүйке, жүрек-қантамыр жүйелерін, тыныс алу, асқазан-ішек жолдарын, ЛОР, эндокрин, жыныс жүйесі ауруларын және балалардың сирек кездесетін неврологиялық ауруларын емдеуде мол жетістіктерге жеткен.

• «Maksat МеД» клиникасына тіркелу үшін тек екі құжат қажет:
1) өз еркімен жазылған өтініш
2) жеке басын куәләндыратын құжат (жеке куәлік, паспорт, шетел азаматының ыхтиярхаты, 16 жасқа дейінгі балаларға – туу туралы куәлігі).

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде кепілдік берілген тегін медициналық көмек алуға құқылы, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.

© 2017 - Maqsat МеД