«MAKSAT MEД» медициналық орталығы 2011 жылы 1 мамырда Алматы қаласында құрылды. Құрылған күннен бастап осы уақыт аралығында орталыққа 68 мыңнан астам адам келіп, ем алды. Олардың ішінде тек Алматы тұрғындары ғана емес, еліміздің басқа облыстарынан, ТМД елдерінен, Қытайдан арнайы келіп ем қабылдағандар қатары көп.
Орталық жүйке жүйесі, қан тамыр, ас қорыту, зәр шығару жүйелері ауруларымен қатар емделуі қиын балалардың церебральды сал ауруын (БЦС) емдеуде жоғары көрсеткіш көрсетіп келеді. Орталыққа келіп ем алған 68 мың науқас ішінен 1650-і балалардың церебральды сал ауруы дерті бойынша емделгендер. Аталған ауру түрімен орталығымызға келген осы мыңнан астам науқастың ішінде 80 баланың емі ойдағыдай аяқталып, орталықта тұсауы кесілді.
Емхана 2017 жылдың қаңтар айынан бастап «Maksat МеД» клиникасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер ұсынады
Мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетілетін тұрғындар саны 7000 адам, оның ішінде 2099 кәмелетке толмаған балалар, 4305 әйелдер, 73 адам 75 жастан асқан.
Қабылдау үш қабатты ғимаратта жүргізіледі. Емханада 2 бөлімше , 8 төсекті күндізгі стационар, массаж, физиотерапия кабинеттері жұмыс істейді. Барлығы 3 жалпы тәжірибелік, 1 педиатриялық, 1 гинекологиялық учаскелер қызмет көрсетеді. Бір учаскедегі тұрғындардың орташа саны: 2188 жалпы тәжірибелік, 1075 педиатриялық, 2486 гинекологиялық.
Емханада мына мамандар қабылдау жүргізеді:
• Терапевт;
• Жалпы тәжірибелік дәрігер;
• Педиатр;
• Гинеколог;
• Хирург (ересектер және балалар);
• Невропатолог (ересектер және балалар);
• Кардиолог;
• Офтальмолог (ересектер);
• Логопед (балалар);
• Эндокринолог (ересектер);
• Дерматовенеролог (ересектер);
• Кардиоревматолог (ересектер және балалар)
• Оториноларинголог (ересектер және балалар) және басқа мамандар.

Емхана заманауи медициналық құрал-жабдықпен жабдықталған:
1. Автоматты гемотологиялық талдаушы аппарат;
1. ВС-3000 автоматты гематологиялық талдаушы;
2. УДЗ аппараты;
3. ЭКГ аппараттары;
4. Жүрек қызметін тәуліктік мониторлайтын Холтер ЭКГ
5. Көз және ЛОР ауруларын емдеу және дигностикалауға арналған құрал-жабдықтар;
6. Электрофорез;
7. Парафин аппараты;

Біздің Орталықтың ұстанымы- әрбір науқасқа қолжетімді, кәсіби және сапалы медициналық қызмет көрсету!