Ерте жастағы сал ауруына шалдыққан балаларға арналған кешенді жаттығулар-емдік дене шынықтыру (ЕДШ)

Созу , арнайы қалыптар және төсемелер
Аяқ-қолды бүгіп жазу , 5-8 секундтан кем болмауы тиіс, бұлшықет жұмсарғанша сипалау, жаттықтыру
Жылы құм толтырылған төсемелерді гипертонус (бұлшықет тонусының жоғары болуы) кезінде қоямыз
Күнделікті өмірде өзіне қызмет етуі үшін сабақтар жүргізіледі.Бұл сабақ түрлеріне : сурет салу, жазу, қасық ұстауды уйрету, өздігінен жуындырып уйрету, тіс жуу, шаш тарау жіне т.б
Сонымен қатар жаттығу тегіс жерде жүруді үйретеді, ол баспалдақ арқылы және арнайы арба арқылы қозғалу.Кубик, доп, таяқ сияқты заттарды қолдану арқылы жүруді үйрету.Жүруді үйретпес бұрын бұлшықетке арналған арнайы массаж жасап алуы қажет.
Сонымен қатар балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі емдік дене шынықтыруға қозғалыс координациясы, тепе-теңдікті сақтауға арналған , буындар қозғалысын қалпына келтіретін жаттығуларда кіреді.Жаттығулар әртүрлі қалыпта : тұрып, отырып және жатып жүргізіледі.
Төрт тағандап және тіземен жүретін жаттығулар тоникалық рефлексті қалпына келтіретін ең пайдалы жаттығулар болып табылады.Гипертонус кезінде бұлшықет қозғалысының жылдамдағы және координациясы бірден төмендейді.Сондықтан жаттығуға кіріспес бұрын криомассаж немесе табанға арналған вибромассаж алған дұрыс.Жаттығуды аздаған темптен бастап , біртіндеп көбейту арқылы ритмін жоғарлатады.Жаттығу бір орында немесе қозғалыс кезінде жасалады. (мыс:жүру,жүгіру және т.б)