«Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 74 бұйрығы бойынша Максат Мед емханасы күнделікті сағ 8.00-ден сағ 18.00-ге дейін қалыпты жұмыс істейді. Бірақ, төтенше жағдайларға байланысты қабылданған карантин кезінде
1) Ақысыз амбулаторлық дәрімен қамтамасыз ету шеңберінде шұғыл жағдай болмаса (әсіресе егде жастағы кісілер мен балалар) емханаға келмей, онлайн режимде дәрігерлерден кеңес алып, рецепттерді пациенттердің үйлеріне жеткізу ұйымдастырылғанын;
2) Скрининг пен балалар профилактикалық тексерулер,
жоспарлы ауруханаға жатқызу,
оңалту, МСЭК, стационар алмастыру терапиясы және т.б медициналық қызметтердің уақытша тоқтатылғанын;
3)Диспансерлік учетта (АГ, ИБС, сахарный диабет, ХОБЛ, астма, тиреотоксикоз, гипотиреоз) бойынша тұрған науқастарға қажет жағдайда тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде үйге жеткізіп берудің қамтамасыз етілгенін;
4) Диспансерлік есептегі науқастарды бақылаудың, үйде карантиндегі пациенттердің мониторингінің күшейтілгенін
хабарлаймыз!
Біздің бұл қиын кезде жасап отырған шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз, мұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалуда!

Максат Мед емханасының әкімшілігі

© 2017 - Maqsat МеД